ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қазан 2021 | 12:27
Өскеменде оқушы қыз мектепке бармау үшін ата-анасы ұрды деп өтірік айтқан
Өскемендегі 12 жастағы оқушы мектепке бармау үшін оны ата-анасы ұрғаны туралы өтірік әңгіме шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өскемендегі 12 жастағы оқушы мектепке бармау үшін оны ата-анасы ұрғаны туралы өтірік әңгіме шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
18 қазанда Өскемендегі 102-нің жедел каналына Нұр-Сұлтандағы жедел қызмет психологынан хабар түскен. Ол республикалық арна бойынша Өскемендегі 12 жастағы оқушы хабарласқанын айтқан. Оқушы қыз өзін және әпкесін ата-анасы ұратынын айтып хабарласқан.
"Полицейлер бірден істі қолына алды. Ювеналды полиция тобының қызметкерлері тексеру кезінде оқушы қыз мұны мектепке бармау үшін әдейі істеген болып шыққанын анықтаған. Оқушы қыздың анасы оны қосымша сабаққа жаздырған, алайда мектеп оқушысы барғысы келмегендіктен өтірік әңгіме шығарған", - дейді Өскемен қалалық полиция басқармасының басшысы Андрей Мула.
12 жастағы оқушы жедел қызмет нөмірін ғаламтордан тауып алған.
Полиция мәліметінше, оқушымен және оның ата-анасымен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар түсіндірме жұмысын жүргізген. Бұл жолы ата-анасы тек ескерту алған, ал жалпы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" заңның 438-бабына сәйкес, 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также