ПОДЕЛИТЬСЯ
05 ақпан 2019 | 13:42
Өскеменде полиция көлігі егде жастағы әйелді қағып кетті
Өскеменде полиция қызметкерлері қызметтік көлікпен жаяу жүргіншілерге арналған жолда егде жастағы әйел адамды қағып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Стаханов және Независимость көшелерінің қиылысында болған. Егде жастағы әйел жаяу жүргіншілерге арналған жолмен өтіп бара жатқан, сол уақытта Глубоков аудандық полиция бөлімінің қызметтік көлігі әйелді қағып өткен.
Егде жастағы әйел түрлі жарақаттармен медицицналық мекемеге жеткізілді, - деп хабарлады полиция өкілдері.
Бұл жағдайға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 2-бөлігінің 345-бабы бойынша ("Жол ережесін бұзу және абайсызда денсаулығына ауыр зяин келтіру") соталды тергеу жүргізіліп жатыр , - деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметінің өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также