Өскеменде қоқыстан баланың бассүйегіне ұқсас зат табылды

Сурет әлеуметтік желіден.

?скемен ?аласыны? т?р?ыны басс?йекке ??сас боял?ан кішкене затты ?о?ыс ма?ынан тауып ал?ан. ?азір Ш?О ІІД ?кілдері басс?йек шынайы ма, жасанды ма - тексеріп жатыр, - де хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өскемен қаласының тұрғыны бассүйекке ұқсас боялған кішкене затты қоқыс маңынан тауып алған. Қазір ШҚО ІІД өкілдері бассүйек шынайы ма, жасанды ма - тексеріп жатыр, - де хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қала тұрғыны бас сүйектің суретін желіге салған. 

"Қарайып кеткен бассүйек адамдікіне ұқсайды, тексеріп жатпадым. Бірден полиция шақырдым. Полицейлер оны сараптамаға алып кетті", - дейді ол. 

Реклама
Реклама

Қазіргі кезде аймақтың құқық қорғау органдары сараптама жүргізіп жатыр.  

"Шағын бассүйектің табылғаны рас, ескі, боялған. Әзірше ол адамдікі ме, әлде маймылдікі ме, тіпті, мүлде жасанды ма, белгісіз. Мүмкін бұл муляж да шығар. Қазір қажетті сараптамалар жүріп жатыр", - дейді ведомство өкілдері. 

Сараптама қорытындысы шыққанан кейін полицейлер мұның қоқысқа қалай түскенін анықтайды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама