Өскеменде құтқарушылар мектеп оқушысын балкон төбесінен алып түсті

© ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

?скеменде ??т?арушылар балкон т?бесінде отыр?ан бала?айды т?сіріп алды, - деп хабарлайды тілшісі Tengrinews.kz Шы?ыс ?аза?стан облысыны? ТЖД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Өскеменде құтқарушылар балкон төбесінде отырған балақайды түсіріп алды, - деп хабарлайды тілшісі Tengrinews.kz Шығыс Қазақстан облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екінші қабаттағы балкон төбесіне отырған баланы байқап қалған куәгерлер бірден көмек шақырған. Бала үйдің төбесіне шықпақшы болған кезде аяғы тайып кетіп, төмен сырғыған. Абырой болғанда ол жабулы балконның төбесіне түскен. 

Баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаның 19 қаңтарда болғанын айтады. Дәл осы күні аязға байланысты бастауыш сыныптарға сабақ болмаған еді.

Реклама
Реклама

Шақырту түскеннен кейін оқиға орнына ШҚО ТЖД "Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметі" келген. Құтқарушылар баланы алып түсіп, дәрігерлер қолына тапсырған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама