Өскеменде қыруар қаражаты бар студент ұшты-күйлі жоғалды

© yk-news.kz

Өскеменде Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенті Ақжол Серік белгісіз жағдайларда жоғалып кетті. Туыстары оның жоғалған күні қолында қыруар қаражаттың болғанын айтып отыр, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Ақжолдың анасы Гүлнұр Забирқызының айтуынша, олардың жанұясы бірнеше жыл бұрын Қытайдан көшіп келген. Қазіргі уақытта жігіт филология факультетінде оқиды әрі фармацефтикалық компанияда қосымша нәпақа тауып жүр. 13 сәуірде студент жұмыс бойынша басшысына 180 мың теңге жеткізуі тиіс болыпты. Сол күні кеште оның телефоны сөнген. Ақжолды "Даниель" сауда үйінің маңында біреулер көріп қалған.

Реклама
Реклама

"14 сәуірде полицияға студенттің ата-анасы полицияға хабар берген. Дереу іздестіру бойынша іс қозғалды. Полицейлер жігітті іздеуді бастады", - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілі Бақытжан Торғаев. 

Ақжол Серікті іздеуге еріктілер де қосылды. Олар студенттің суреттерін қала бойынша ілуді жоспарлап отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама