Өскеменде суға кеткен баланы құтқарушылар осымен екінші күн іздеп жатыр

Үлбі өзені

Өскеменнің орталығында бала Үлбі өзеніне ағып кеткен, өзеннің ағысы қатты болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше түстен кейінгі уақытта 14-15 жастағы үш бала қала орталығында өзеннің жағасында ойнап жүрген. Олардың екеуі шомылғысы келіп, 14 жастағысы ағып кетіп, өз бетінше жағаға жете алмай қалды. Ол көпірден асып кеткенде достары оны жоғалтып алған", - деп хабарлады ШҚО ІІД Бақытжан Торғаев.

Оқиға орнына құтқарушылар мен полицейлер келіп, жоғалған баланы іздестіру жұмыстарын бастады. 

Реклама
Реклама

"Құтқарушылар әлі іздеп жатыр, бірақ таппады", деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама