ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қаңтар 2020 | 16:30
Өскеменде сұйық май өндіретін зауытта шыққан өрттің мән-жайы анықталды
Өскемен қаласының төтенше жағдайлар басқармасының мамандары сұйық май өндіретін зауытта шыққан өрттің аумағы - 670 шаршы метр болғанын айтты, - деп хабарлайды уk-news.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өскемен қаласының төтенше жағдайлар басқармасының мамандары сұйық май өндіретін зауытта шыққан өрттің аумағы - 670 шаршы метр болғанын айтты, - деп хабарлайды уk-news.kz.
"Өрт 13:30-да ауыздықталды", - деді Өскемен ТЖБ өкілдері. Ведомство өкілдерінің айтуынша, өрт күнбағыс тұқымдары сақталатын қоймада шыққан.
"Өрт сөндіруге 70 адам мен 20 арнайы техника жұмылдырылған. Олар әлі де сонда жұмыс істеп жатыр", - деді ТЖБ өкілдері.
Осыған дейін Өскеменде сұйық май өндіретін зауытта өрт шыққаны хабарланды. Шамамен таңғы 11:00-де Пристань ауданының тұрғындары сұйық май өндіруші зайыт аумағынан қара түтін будақтап жатқанын көрген. Кейінірек оқиға орнына өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Показать комментарии
Читайте также