Өскеменде ЖЭС-те шыққан өрт толығымен сөндірілді

Куәгерлер суреті/yk.kz

?рт с?ндірушілер ?скемендік ЖЭС аума?ында шы??ан алапат ?ртті с?ндірді. ?ртті? неден шы??аны ?лі де аны?талып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өрт сөндірушілер өскемендік ЖЭС аумағында шыққан алапат өртті сөндірді. Өрттің неден шыққаны әлі де анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ШҚО ТЖД өкілдерінің мәліметінше, ғимараттың шатыры өртенген, шамамен 400 шаршы метрді өрт шалған, сонымен қатар, бір бөлігіндегі пластикалық бөлшектер де өртенген. Өрт түске дейін толығымен сөндірілді. 

"Өрт сөндіруге 20 арнайы техника мен 80 өрт сөндіру қызметінің маманы жұмыс істеп жатыр. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Басқа цехтарға қауіп төніп тұрған жоқ. ЖЭС жұмысына өрт зиянын тигізген жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. 

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта, оқиға орнында сынама өрт сөндіру зертханасы жұмыс істеп жатыр және жақын арада өрттің неден шыққаны анықталады.

Еске салайық, бүгін таңғы уақытта Өскеменде ЖЭС өртенді. Қара түтін қаланы жайлады. Төтенше жағдай туралы мәліметтерді әлеуметтік желі қолданушылары хабарлады, олар оқиғаның суреттері мен видеосын жүктеп жатыр. Өскемен орталығын қою қара түтін жайлады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама