Өскеменде жүргізуші әйел көлігімен 30 адам отырған кафеге соғылған

Шы?ыс ?аза?стан облысында ж?ргізуші ?йел адамдар отыр?ан кафеге барып со?ыл?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысында жүргізуші әйел адамдар отырған кафеге барып соғылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға болған кезде кафеде 30 шақты адам отырған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Куәгерлердің айтуынша, Nissan Qashqai маркалы көлігі кафенің терезесіне келіп ұрылған. 

 

Реклама
Реклама

"Барлығы шошып кетті. Аяқ асты болды, гүрс ете қалды. Көлік кафенің бірінші қабатына келіп соғылған. Кафенің ішінде қызметкерлерді қосқанда 20-30 адамдай болды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Рөлде әйел болды, ол шошынып қалған, біз де", - дейді "Искандер" кафесінде отырған адамдар. 

Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама