05 қаңтар 2019 | 09:47

Өскемендегі балалар үйінің бас есепшісі жасаған мәлімдеме жасырын камераға түсірілген

Өскемендегі мамандандырылған балалар үйінің бас есепшісі жаңадылдық жиын кезінде әріптестері алдында мәлімдеме жасады. Ол мекеме директорымен бірге ұрлық жасайтындарын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өскемендегі мамандандырылған балалар үйінің бас есепшісі жаңадылдық жиын кезінде әріптестері алдында мәлімдеме жасады. Ол мекеме директорымен бірге ұрлық жасайтындарын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Есепшінің бұл мәлімдемесі жасырын камераға түсіріліп, YouTube хостингінде жарияланған.

Реклама
Реклама

"Мен әрі қарай мұндай ұрлық жасаумен айналысатын директормен жұмыс істей алмаймын! Ол ұры! Сіздердің біздің ұрлықты қалай жасағанымызды білмейсіздер! Ешкімнің басына келмесін мұндай... Мен де ол сияқты ұрымын... Қорқып тұрған жоқпын", - дейді әйел видеода.

Телеарнаның мәліметінше, балалар үйіндегі жалақы қорынан 15 миллион теңге жымқырылған. 160 қызметкерге жалақы берілмеген. 

Осы видеодан кейін бас есепші жұмыстан шығарылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп, кінәлілер іздестіріліп жатыр.

Ал мекеменің директоры мұны тергеу құпиясы деп ешқандай пікір білдірмеді.

Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасындағылар осы істің мән-жайын анықтауға уәде берді. Айтуларынша, алдағы екі апта ішінде қызметкерлерге жалақысы беріледі.

"Барлық қызметкердің жалақысына қатысты мәселені шешеміз. Ішкі аудит жұмыстарын жүргіземіз", - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная