ПОДЕЛИТЬСЯ
28 шілде 2022 | 14:51
Өскемендегі жанармай құю бекетінде оқыс оқиға болды: бір адам қаза тапты
Өскемендегі жанар-жағармай құю бекетінде оқыс оқиға болып, ер адам қаза тапты. Тағы бір зардап шеккен жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 28 шілдеде таңғы сағат 8.52 шамасында Промышленная көшесі бойындағы жанар-жағармай құю бекетінің аумағында бөшкені жанар-жағармайдан тазалау кезінде ауа қоспасы атқылаған. Бірақ өрт шықпаған.
"Салдарынан 2010 жылы туған жасөспірім денесін термиялық күйік шалып, ауыр халде ауруханаға жатқызылды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 1980 жылы туған ер адамның денесін резервуардан алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол резервуарды тазалап жатқан және оған сыртта 2010 жылғы туысы көмектесіп тұрған", - делінген хабарламада.
Апат себептері анықталып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также