Өскемендегі зауытта болған жарылыс орнынан алғашқы кадрлар жарияланды

Өскемендегі зауытта болған жарылыс орнынан алғашқы кадрлар жарияланды Фото: ТЖМ

Өскемендегі зауытта болған жарылыс орнында түсірілген алғашқы суреттер жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ТЖМ күштері оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп, конструкцияларды бөлшектеумен айналысып жатыр.

ТЖМ мәліметінше, зауыттардың бірінің аумағында "шаң жинағыш құрылғы жарылып, артынан өрт шығып, нысан ішінара қираған".

Жарнама
Жарнама

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Оқиға орнына құтқарушылар, кинологиялық есептер және ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жұмылдырылған.

Кейінірек ТЖМ оқиға салдарынан төрт адам зардап шеккенін, олардың ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Сондай-ақ зардап шегуі мүмкін адамдарды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама