ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 12 мамыр 2015 01:30
Өскеменнен 320 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды
Өскеменнен солтүстік-шығысқа қарай 320 шақырымда магнитудасы 3,6-ға тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап. Жер асты дүмпуі 12 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 00.41-де болды.
Жер сілкінісі Алтай республикасы аумағында болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы 2 шақырым тереңдікте болған. Эпицентр Риддерден солтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым, Зыряновск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 218 шақырым қашықтықта болды.
Жер сілкінісінің адамдар мен ғимараттарға әсері туралы мәлімет жоқ.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу