Өткен демалыс күндері елімізде төрт бала терезеден құлап кеткен

© Тұрар Қазанғапов

Балалардың қатысуымен болған қайғылы оқиғалар тыйылмай жатыр. Өткен демалыс күндері төрт бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 шілдеде Қарағанды облысында екі жағдай тіркелген. Теміртау қаласында төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен ата-анасының қарауынсыз қалған 2014 жылы туған сәби құлап кетіп, ауруханаға жеткізілген. Осы өңірдің Саран қаласында үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен ата-анасының қарауынсыз қалған 2012 жылы туған сәби құлап кетіп, ауруханаға жеткізілген.

24 шілдеде Тараз қаласында бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен ата-анасының қарауынсыз қалған 2014 жылғы сәби құлап кетіп, ауруханаға жеткізілген. Сол күні Екібастұз қаласында белгісіз жағдайда сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен ата-анасының қарауынсыз қалған 2012 жылғы сәби құлап кетіп, ауруханаға жеткізілген.

Реклама
Реклама

Балалардың қатысуымен болған оқыс жағдайлардың көбісі ата-ананың бақылаусыз қалдыруы себеп болып отыр екен.

Осыған байланысты ТЖ Комитеті ата-аналарға балаларын тасада қалдырмауын және сақ болуын сұрайды. Кішкентай балалар қауіптің қандай деңгейде екендігін ажырата алмайды. Сондықтан да аз уақытқа қараусыз қалдырудың өзі қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама