10 наурыз 2021 11:35

Өткен тәулікте қар құрсауынан 130-ға жуық адам эвакуацияланды

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өткен тәулікте Қазақстан тасжолдарында ауа райының нашарлауына байланысты қар құрсауында 64 техника, 125 адам қалып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өткен тәулікте Қазақстан тасжолдарында ауа райының нашарлауына байланысты қар құрсауында 64 техника, 125 адам қалып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ аумақтық бөлімшелері қар құрсауынан 64 техниканы шығарып, 125 адамды құтқарып, эвакуациялады.

"Қазіргі уақытта ауа райы нашарлауына байланысты (боран, қар, көктайғақ) 6 өңірде республикалық маңызы бар жолдардың 12 учаскесі және 51 облыстық маңызы бар учаске жабылды. Олар: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы. Батыс Қазақстан облысындағы беккеттерде 253 жүк және жеңіл көлік тұр. ТЖМ ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб құрылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Шұғыл жұмыстарға барлығы 423 адам және 301 техника жұмылды.

Халыққа ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы хабарлама таратылды. Ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін өңірлерде "Жедел байланыс желісі" іске қосылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram