Өзбекстан ТЖМ Ақтөбе облысында қаза тапқандардың денесін ұшақпен алып кетеді

?збекстан А?т?бе облысында ?аза тап?андарды? денесін алып кету ?шін ?ша? дайындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өзбекстан Ақтөбе облысында қаза тапқандардың денесін алып кету үшін ұшақ дайындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Рейсті Ташкенттен жіберуді жоспарлап отыр. "Қазір рейске дайындап жатыр. Ташкенттен", - деді ведомстводағылар. 

Сонымен қатар, ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев төтенше жағдайдан зардап шеккен және қаза тапқандардың отбасына жан-жақты көмек көрсету үшін арнайы комиссияның құрылғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

"Комиссияның құрамында ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев, денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Сыртқы істер министрлігі департаментінің директоры Ардақ Мәдиев, құқық қорғау органдарының өкілдері мен облыстық басқа органдарының өкілдері бар", - деп хабарлады Алмас Сәдубаев.

Сондай-ақ, Өзбекстан консулының Алматыдан Ақтөбе облысына аттанғаны белгілі болды. 

ТЖД Жедел-құтқару жасағының психологы Жансая Қазиеваның айтуынша, қазіргі уақытта зардап шеккендер Ақтөбеге жеткізіліп жатыр.

Осыған дейін өртенген автобустың фото мен видеолары және аман қалғандардың аты-жөні жарияланған болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама