"Өзін жарып жібермекші болды". Ақтөбеде белгілі кәсіпкер газ толы цистернаны соққан

© pravdaurfo.ru

Жол тал?амайтын к?лік ж?ргізушісі А?т?беде газ толы цистерна?а со?ысып, ?зін-?зі ?лтірмекші болды, - деп хабарлайды "Актобе Таймс"

Жол талғамайтын көлік жүргізушісі Ақтөбеде газ толы цистернаға соғысып, өзін-өзі өлтірмекші болды, - деп хабарлайды "Актобе Таймс"

Портал мәліметінше, оқиға 13 қазанда болған. 

"Таңғы 05:20-да KNPS газ толтыру станциясына Toyota Hilux автокөлігі соғылған. Көлік тізгінінде Ақтөбеде танымал 39 жастағы кәсіпкер алдын ала нұсқа бойынша цистернаға қасақана соғысқан. Ол газ толы цистернаны соғып, жарылыс ұйымдастырып, өзін-өзі өлтірмекші болды. Алайда газ жарылмады. Сол кезде ер адам қолына пышақ алып, ішіне салған", - деп жазады басылым. 

Реклама
Реклама

Дереккөз мәліметінше, кәсіпкер көптеген жарақатарымен аурухананың хирургия бөліміне түскен. Оның мұндай әрекетке баруына не себеп болғанын тергеушілер анықтап жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама