09 сәуір 2019 | 16:03

Өзін-өзі өртеген ақсулықтың оқиғасы: Үш адам әлі ауруханада жатыр

Иллюстрациялық фото: novgazeta.by

Ақсулық тұрғын өзін-өзі өртеп жіберген кезде зардап шеккен үш адам әлі ауруханада жатыр. Олардың жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақсулық тұрғын өзін-өзі өртеп жіберген кезде зардап шеккен үш адам әлі ауруханада жатыр. Олардың жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Үшеуі де Павлодар қалалық № 1 ауруханасының күйік орталығында жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, жақында зардап шеккендердің соңғысы палатаға ауыстырылды. Ер адамның өмірі үшін дәрігерлер бірнеше күн бойы арпалысқан. Ол иіс газынан уланып, беті, қолы мен аяқтарын II-III дәрежедегі термикалық күйік шалған. Денесінің алпыс пайызы күйген. 

Реклама
Реклама

"Пациент 1993 жылы туған, ол Ақсудағы өрт салдарынан қаза тапқан ерлі-зайыптының ұлы. Оның жағдайы ауыр, бірақ жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Зардап шеккен тағы екі адамның жағдайы тұрақты, олар да күйік бөлімінде жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер. 

Иіс газынан уланған бес бала ауруханадан шығарылған, олар қазір амбулаторлық бақылауда. 

Естеріңізге салсақ, 2019 жылы 3 сәуірде отбасылық кеш кезінде үйдің 1968 жылы туған отағасы өзін-өзі өртеп жіберген еді. Салдарынан отбасы тұрып жатқан жер үй отқа оранған. Өрттен 13 адам зардап шеккен. Оның бесеуі - балалар.

Ақсуда өзін-өзі өртеген ер адамның әйелі қайтыс болды

Өзін-өзі өртеген үй қожайыны оқиға орнында қаза тапқан болатын. Ал оның 45 жастағы жары келесі күні ауруханаға көз жұмған еді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная