05 наурыз 2024 | 17:52

Пәтерге газ тараған: Түркістан облысында полицейлер тұрғынның өмірін сақтап қалды

видео кадры

Түркістан облысында учаскелік полиция инспекторлары жігіттің өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында учаскелік полиция инспекторлары жігіттің өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының учаскелік полиция инспекторлары түнгі кезекшілік жұмысын аяқтап, үйіне қайтып бара жатқанда жергілікті тұрғын қоңырау шалады.

"Әйел адам үйінде қалған 19 жастағы ұлымен байланыса алмай отырғанын айтып, көмек сұрайды. Сақшылар тез арада оқиға орнына жетіп, пәтер есігін қағып, қоңырау соғады. Үйдің ішінен ұялы телефонның шырылы естілгенімен ешкім жауап бермеген. Сақшылар іште адам барын түсініп есікті күшпен ашады. Үйге кіріп ес-түссіз жатқан жігітті жедел түрде қызметтік көлікпен орталық ауруханаға жеткізді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Желдің салдарынан газ жүйесіне ақау келіп көгілдір отын үйге тарағаны анықталған. Қазіргі уақытта зардап шеккен жігіттің жағдайы тұрақты және дәрігерлер бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная