"Павлодар-Астана" тас жолында жолаушылар автобусы аударылды

"Павлодар-Астана" тас жолында жолаушылар автобусы аударылды © zapad24.ru

"Павлодар-Астана" автожолында жолаушылар автобусы аударылып қалды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Порталдың мәліметінше, Лебяжі аудандық ауруханасы Бас дәрігерінің орынбасары Мұхтар Мекішевтің айтуынша, кеше, 13 қазан күні рейстік автобус шамамен сағат 22.00-ге қарай Аққу ауылына жетпей, жолдан шығып аударылып қалған.

"Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Орталық ауруханаға 19 адам жеткізілді. Олардың барлығына дереу амбулаторлық ем көрсетіліп, төртеуі Павлодар қаласы №1 ауруxанасының нейрохирургия және жарақат бөлімдеріне жатқызылды", - деді Мұхтар Мекішев.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, жол апатына ұшыраған автобуста барлығы 43 жолаушы болған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама