19 мамыр 2022 | 08:41

Павлодар мен облыста бірнеше мектеп қоршауға алынды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© IRBIS TV

Сәрсенбіде Павлодар мен облыста мектептерге жарылғыш зат қойылғаны туралы белгісіз адамдардың хабарламасы дүрбелең туғызған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сәрсенбіде Павлодар мен облыста мектептерге жарылғыш зат қойылғаны туралы белгісіз адамдардың хабарламасы дүрбелең туғызған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде павлодарлықтар шамамен он шақты мектеп туралы айтқан, онда аймақтың шұғыл қызметтерінің өкілдері жіберілген.

Реклама
Реклама

Куәгерлердің айтуынша, қалалық мектептермен қатар облыстың бірнеше ауданындағы мектептер де қоршауға алынған. Желі қолданушылары полиция автопатрульдері мен жедел жәрдем көліктері білім беру нысандарына бара жатқан видеоларды жариялады.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"18 мамырда сағат 18:11-де Павлодар облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің электрон мекен-жайларына жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын хабарлама келіп түсті. Мектептің іргелес аумағы қоршалды. Оқиға орнында жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілі.

Ведомство қызметкері мектептегі сабақтар аяқталғаннан кейін хабарламалар түскенін, сондықтан эвакуация жүргізілмегенін атап өтті. Қойылған жарылғыш заттар туралы жасырын хабарламалар қай мектептерге түскені айтылмады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Баптың санкциясы 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды немесе 5  жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не айыруды көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная