10 қаңтар 2024 | 10:58

Павлодар облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады

Фото:primeminister.kz

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов жол апатынан зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов жол апатынан зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кerek.pv телеграм-арнасының мәліметінше, Батырғожинов құтқарушылар апатының себептерін анықтау жөніндегі комиссия құрамында Майқайыңнан Павлодарға қайтып келе жатқан. Батырғожинов мінген көлік жол жиегіне шығып кеткен. Жүргізуші зардап шекпеген, бірақ әкімнің орынбасары жарақат алған, медициналық көмекке жүгінген.

Апат туралы ақпаратты Павлодар облысының әкімдігі растады. Оқиға 8 қаңтарда кешке Майқайың ауылынан Павлодарға баратын жолда болған.

Реклама
Реклама

"Облыс әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов шынында жол апатына ұшырады. Басқа көліктер болмаған және зардап шеккен жоқ. Орынбасардың көлігі жол жиегіне шығып кеткен, Серік Батырғожиновтың өзі жеңіл жарақат алған, жағдайы тұрақты", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная