17 қараша 2023 12:32

Павлодар облысы тұрғынынан құны 2 миллиард болатын киік мүйізі тәркіленді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Павлодар облысының тұрғынынан құны 2 миллиард теңге болатын киік мүйіздері табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының тұрғынынан құны 2 миллиард теңге болатын киік мүйіздері табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мүйіздерді облыстық ПД-ның ҰҚҚКБ мен ҰҚКД қызметкерлері тәркілеген.

Реклама
Реклама

Ұсталған Ақсу қаласының 49 жастағы тұрғынының гаражын тінту кезінде киік мүйіздері сақталған 8 жәшік табылды. Жалпы салмағы 170 келіге жуық болатын Қызыл кітапқа енген жануардың 800-ге жуық мүйізі тәркіленген.

"Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сараптама тағайындалды, соның ішінде биологиялық және трассологиялық. Ұсталғандардың мемлекетке келтірген зияны шамамен 2 миллиард теңге болады", - деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram