ПОДЕЛИТЬСЯ
06 наурыз 2020 | 14:18
Павлодар облысында 28 жолаушысы бар автобус аударылды
Павлодар облысында 6 наурызда 28 жолаушысы бар автобус аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар облысында 6 наурызда 28 жолаушысы бар автобус аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Облыстық ТЖ департаментінің мәліметінше, жол апаты 00.15-те Екібастұз ауыл аймағында, Қызылорда - Павлодар тасжолының 1160-шақырымында болған.
Mercedes жолаушылар автобусының жүргізушісі Новосібір - Ташкент бағытында келе жатқан автобус тізгініне ие бола алмай қалып, автоубсты аударып алған.
"Салонда 28 адам болған, олардың 26-сы Өзбекстан азаматы да, екі жүргізуші біздің елдің азаматы. Оқиға орнына мамандар, полицейлер және жергілікті атқару органдарының өкілдері жөнелтілді. Дәрігерлердің қарауынан кейін барлық жолаушы жол-жөнекей көлікпен кетті, жүргізушілер оқиға орнында қалған", - деп хабарлады өңірлік ТЖД өкілдері.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі автобустың Новосібірден Шымкентке бара жатқанын хабарлады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также