ПОДЕЛИТЬСЯ
07 мамыр 2022 | 10:09
Павлодар облысында ауыл әкімінің оғаш әрекеті видеоға түсіп қалған
Желіде Павлодар облысындағы ауыл әкімінің жергілікті тұрғынмен дауыс көтеріп сөйлескен әңгімесі түсіп қалған видео тарап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде Павлодар облысындағы ауыл әкімінің жергілікті тұрғынмен дауыс көтеріп сөйлескен әңгімесі түсіп қалған видео тарап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Екі адамның арасындағы дау кадрға түсіп қалған. Видеодағы дау ауылда қараусыз жүрген малға байланысты туындаған. Ал видеодағы адамның бірі - Баянауыл ауданы Ақсан ауылдық округінің әкімі Кенжебек Дүйсенбаев. Кадрларда шенеуніктің ауыл тұрғынымен дөрекі түрде әрі қолдарын бұлғап сөйлескені көрінеді.
"Әкім полициямен бірге мал иелеріне айыппұл салуға келді. Ал жергілікті тұрғындар онымен келіспеді. Дүйсенбаевтікі шын мәнінде дұрыс шығар, бірақ оның дәл бұлай қарым-қатынас жасауы дұрыс емес", - делінген видеода.
Баянауыл ауданы әкімдігі өкілі ауылдық округ әкімінің әрекеті оғаш екенін айтты.
"Ауыл әкімі жергілікті тұрғынмен дауласпай, өзін әдепке сай ұстауы тиіс еді. Әрине, аудан әкімі ретінде мен ауылдық округ әкімінің әрекетін айыптаймын. Бірақ оның іс-әрекеті тәртіп орнату тұрғысынан дұрыс болды. Мал ауылды кезіп жүрмеуі тиіс. Жақын маңда республикалық маңызы бар жол өтеді, кейінгі екі жылда иесіз жылқылардың кесірінен 4 жол апаты болды", - деп түсіндірді Баянауыл ауданының әкімі Серік Батырғожинов.
Оның айтуынша, Кенжебек Дүйсенбаев түсініктеме жазған.
"Әрине, ол өкінеді, эмоцияға берілгенін айтады. Бірақ бұл оның әрекетін ақтамайды. Осы мәселені аудан әкімдігінде қарастырамыз", - деді Батырғожинов.
Оқиға Павлодар облысы Мемлекеттік қызмет істері департаментінде де қаралып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также