22 қазан 2021 09:17

Павлодар облысында әйел балаларын тастап, бірнеше күнге қонаққа кетіп қалған

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: dw.com

Павлодар облысында тұрғын кәмелеттік жасқа толмаған балаларын қараусыз қалдырып, қонаққа кетіп қалған. Полиция мәліметінше, бұл бірінші рет емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында тұрғын кәмелеттік жасқа толмаған балаларын қараусыз қалдырып, қонаққа кетіп қалған. Полиция мәліметінше, бұл бірінші рет емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мектеп мұғалімдері балалар бірнеше күн бойы сабаққа келмегенін байқаған. Тәртіп сақшылары отбасы тұратын үйге барған, бірақ онда ешкім болмаған.

Кейін әйел жалғыз басты ана екені және белгісіз жаққа кетіп қалғаны анықталған. Ол 10 және 7 жастағы қыздарын үйде жалғыз қалдырып кеткен. Үйде тамақ болмаған, пеш жағылмай, үй салқындап кеткен. Кейін қыздар туысқан ағасына қоңырау шалып, ол қыздарды алып кеткен. Әйелдің бірнеше күн бойы үйінде болмағанын да полицияға туысы хабарлаған.

Реклама
Реклама

"Біз қыздардың анасының орналасқан жерін анықтау үшін барлық қажетті шараны бастадық. Іздеу нәтижесінде әйел Ақсу қаласында досының пәтерінен табылды. Ол мас күйде болды", – деп түсіндірді Павлодар облысы Успен ауданының ювеналды полициясының аға инспекторы Дамира Букаева.

Ол әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалғанын айтты ("Ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің кәмелетке толмағандардың құқықтары мен (немесе) мүдделерін қорғау және (немесе) тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы"). Әйелдің мінез-құлқын кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия да қарайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram