29 мамыр 2022 | 01:11

Павлодар облысында бірден 5 адам уланып өлді

Иллюстративное фото: elements.envato.com

Павлодар облысының Ертіс ауылында 7 ер адам белгісіз затпен уланды. Олардың бесеуі қайтыс болды, екі адам ауруханада жатыр, біреуінің жағдайы өте ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысының Ертіс ауылында 7 ер адам белгісіз затпен уланды. Олардың бесеуі қайтыс болды, екі адам ауруханада жатыр, біреуінің жағдайы өте ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция жаппай уланудың мән-жайын айтты.

"27 мамырда сағат 22.17-де Ертіс ауылында 1955 жылғы үй иесінің және оның 32 жастағы ұлының мәйіті табылды, 28 мамырда сағат 07.15-те аудандық ауруханада ауылдың 1975 жылғы тұрғыны, сағат 07.24-те үйде 1957 жылғы зейнеткер мерт болғаны анықталды, ал сағат 16.00-де ауруханада - 51 жастағы ауыл тұрғыны қайтыс болды. Барлық анықталған адамда зорлық-зомбылық белгілері жоқ", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Полицейлер бұл дерек Ертіс ауданының полиция бөлімінде тіркелгенін айтты. Ол бойынша тексеру жүргізіледі. Табылған денелер бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

"Мән-жайларды анықтау барысында қаза тапқандардың барлығы Ертіс ауылының тұрғынында бір ыдыста сақталған шығу тегі белгісіз сұйықтықты ішкені анықталды. Ыдыс алынып, сұйықтық қалдықтары бойынша сараптама тағайындалды. Зерттеу нәтижелері бойынша өлім себебі анықталады", - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная