14 ақпан 2022 | 11:59

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды: бір адам қаза тауып, жетеуі зардап шекті

Дина Шарипханова Корреспондент

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы жеті адам жарақат алды. Зардап шеккен үш адам жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы жеті адам жарақат алды. Зардап шеккен үш адам жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы ПД мәліметінше, 13 ақпанда сағат 16.20-да Ленинский - Ертіс - Русская Поляна тасжолында, Өтес ауылынан төрт шақырым жерде жантүршігерлік жол апаты болды.

"Audi 100 көлігінің 35 жастағы жүргізушісі жылдамдықты асырып, Toyota Camri 20 көлігіне соқтығысты. Оқиға салдарынан Audi 100 көлігінің 26 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Осы көліктің жүргізушісі мен 2013 жылы туған жолаушы, сондай-ақ Toyota Camri көлігінің 24 жастағы жүргізушісі мен 4 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Реклама
Реклама

Полицейлердің мәліметінше, көліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылған. Бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір дәрігерлер жансақтау бөліміне түскен үш зардап шегушіні аман алып қалуға бар күшін салып жатыр. Үш науқастың да миы шайқалған және басқа да ауыр жарақаттар алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная