Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты

Павлодар облысы ПД

Павлодар облысында адам өліміне әкелген ЖКО болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Павлодар облысында адам өліміне әкелген ЖКО болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Павлодар – Семей тасжолында екі көлік соқтығысып, жол апатына ұшырады.

"Аққулы ауылынан 12 шақырым жерде болған жол апатында "Тойота Corolla Spacio" автокөлігінің жүргізушісі ауруханада қайтыс болды, қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

"Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға ауа райының өзгеруін бақылау, жылдамдық режимін сақтау, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама