ПОДЕЛИТЬСЯ
04 желтоқсан 2019 | 09:24
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен сәби қайтыс болды
Павлодарда жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен қыз бала жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарда жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен қыз бала жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дәрігерлердің мәліметінше, сейсенбіде сәбиді Павлодардағы облыстық балалар ауруханасына жеткізген. Ауруханаға жеткізілгеннен кейін, бір сағаттан соң бала ес жимастан қайтыс болды.
"Қыз баланың бас сүйек миына ашық түрде ауыр зақым келген, көп жері сынған, миына қан кеткен. Тасымалдау ауыр болды, екі рет жүрегі тоқтады және тыныс алуы да баяулады. Облыстық балалар ауруханасында оған компьютерлік томография жасалды, барлық диагноздары расталды. Алған жарақаты тым ауыр болды, оны аман алып қалу мүмкін емес еді. Ауруханаға жеткізілген соң бірнеше уақыттан кейін қыз бала қайтыс болды", - деді Павлодар облыстық балалар ауруханасы басшысының міндетін атқарушы Ирина Орсагош.
Осыған дейін жол апаты салдарынан зардап шеккен бір жасар қыз баланы Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізгені айтылды. Ол комада болған. Жарақаты ауыр болғандықтан таңға дейін сол ауруханада қалдыру шешімі қабылданған. Зардап шеккен тағы төрт баланы санитарлық авиациямен Павлодарға жеткізген. Қазіргі уақытта үшеуінің жағдайы - орта деңгейлі ауырлық. Тағы біреуін дәрігерлер қарап шыққаннан кейін, ата-анасы үйіне алып кеткен.
Айта кетейік, 2 желтоқсанда Павлодар - Ертіс автожолында Мүткенов ауылына жақын маңда жол апаты болды. KIA маркалы автомобильдің 55 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына өтіп кетіп, ВАЗ 21093 автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан жүргізуші сол жерде қайтыс болды, оның жары жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Жол апаты болған жерден ауруханаға үш ересек және бес бала жеткізілген.
Показать комментарии
Читайте также