ПОДЕЛИТЬСЯ
28 маусым 2022 | 09:59
Павлодар облысында жол апаты кезінде жолаушы өртеніп кетті
Павлодар облысында жол апаты болып, көлік ішінде бір адам жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар облысында жол апаты болып, көлік ішінде бір адам жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Нұр-Сұлтан - Павлодар тасжолында Пограничник пен Спутник ауылдарының арасында болған. Екі көлік соқтығысып, салдарынан бір көлік өртенген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатында 3 адам зардап шеккен.
"1987 жылғы ер адам омыртқа сүйегінің сынуы диагнозымен, 1999 жылғы ер адам жабық бас сүйек-ми зақымы мен беті жыртылып Павлодар қаласының №1 ауруханасына жеткізілді", - деді басқарма өкілдері.
Ал, үшінші адам кім екені анықталмады.
"Үшінші адам "Индрайвер" қосымшасымен көлікке отырған жолаушы. Ол адамда биологиялық өлім анықталды. Толығымен жанып кеткендіктен кім екенін анықтау мүмкін болмады", - дейді олар.
Жол апаты болған жерге жедел жәрдемнің екі тобы шығып, қызмет көрсетті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также