29 тамыз 2020 13:23

Павлодар облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Дәурен Ерболат Журналист
Фото: dpchas.com

Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 тамызда сағат 11.20-да полицияға жол апаты туралы хабар түскен. Оқиға орнына Баянауыл ауданының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы барған.

Реклама
Реклама

"Жол апаты "Қалқаман - Баянауыл - Үміткер" жолының 91 шақырымында болған. "ВАЗ 21713" көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, "ВАЗ 21703" автокөлігіне соғылған. Жол апатынан 5 адам қаза тапқан: "ВАЗ 21713" көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушы. 2 адам ауруханаға жеткізілген", - делінген хабарламада.

Полиция "ВАЗ 21713" автокөлігін елордалық жүргізуші, ал "ВАЗ 21703" көлігін баянауылдық басқарғанын жеткізді.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалып, автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram