Павлодар облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Павлодар облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қайтыс болып, үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қайтыс болып, үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар - Успенка тасжолында жеңіл көліктердің қатысуымен ірі жол апаты болды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған, кадрда соқтығысқан көліктердің бірі екіге бөлінгенін көруге болады.

Жарнама
Жарнама

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, оқиға орнына келген дәрігерлер 60 жастағы ер адам мен әйелдің қайтыс болғанын анықтаған. Тағы үш адам Успен орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.

"19 жастағы бойжеткен жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы, мойын омыртқасының жарақаты, теріасты гематома деген диагноздармен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Зардап шеккендердің арасында 1972 және 1991 жылы туған екі ер адам бар.

"49 жастағы ер адамға екі қабырғасы сынған, іштің тұйық жарақаты және травматикалық шок деген диагноздар қойылды, 30 жастағы ер адам кеуде қуысы жарақатын алған", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама