ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қараша 2020 | 12:21
Павлодар облысында мұз астына түсіп кеткен балықшы құтқарылды
Павлодар облысында мұз астына түсіп кеткен балықшы құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар облысында мұз астына түсіп кеткен балықшы құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 қарашада сағат 08.10-да Павлодар облысы ТЖ департаментінің 112 бірыңғай қызмет пультіне Ертіс өзенінде ер адам қиын жағдайға тап болғаны туралы куәгерлерден хабарлама келіп түсті. Оқиға болғанжерге дереу құтқарушылар жіберілген.
Акуленок шығанағының аумағында ер адам балық аулап отырып мұз астына түсіп кеткені белгілі болды. Құтқарушылар келгенде, ол сынған әлсіз мұздың шетінен ұстап тұрған.
"Құтқару операциясы мұздың жұқа болуымен күрделене түсті. Ер адамды шығару үшін құтқару құралдары мен тақта қолданылды. Кәсіби және үйлесімді жұмыстың арқасында құтқарушылар 1960 жылғы ер адамды жедел шығарып, 103 қызмет бригадасына тапсырды. Ер адам қалалық ауруханаға жатқызылды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық", - деп хабарлады ТЖМ өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также