Павлодар облысында өртсөндіру көлігі жол апатына ұшырады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: instagram/sharbaqtyaqparat

Павлодар облысы орманында өртсөндіру көлігі жол апатына ұшырады. Оқиға орнында бір адам қаза тауып, арнайы көлік жүргізушісі ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы орманында өртсөндіру көлігі жол апатына ұшырады. Оқиға орнында бір адам қаза тауып, арнайы көлік жүргізушісі ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат Шарбақты ауданы әкімдігінің Instagram-парақшасында жарияланды.

"Бауыртал орман шаруашылығында өртсөндіру көлігі ағашқа соқтығысты. Оқиға орнында 1985 жылы туған адам қаза тапты, ал 62 жастағы жүргізушінің жағдайы ауыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Зардап шеккен өртсөндіру көлігінің жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілген. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама