Павлодар облысында өрттен 2 адам қаза тапты

© pavlodarnews.kz

Шідерті кентінде үй өртеніп, 2 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Шідерті кентінде үй өртеніп, 2 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін түнгі сағат 03:30-да Екібастұз қаласына қарасты ауылдық округте өрт шыққаны туралы хабар түскен. Шідерті кентіндегі Алтынсарин көшесінде екі қабатты үй өртенген.

Өрт сөндірушілер үйдегі пәтерлердің бірі жартылай опырылып құлағанын, шатырдың жанып жатқанын анықтаған.

Реклама
Реклама

"Өртті сөндіру барысында екі мәйіт табылды: 55 жастағы пәтер иесі мен оның 32 жастағы көршісі", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, құтқарушылар оқиға болған жерден сыйымдылығы 27 литр газ боланын шығарды.

Өрттің жалпы ауданы 45 шаршы метр.

"Өрт толығымен таңғы 05.10-да өшірілді. Мамандар оның неден шыққанын, шығынның мөлшерін анықтап жатыр. Оқиға болған жерде ТЖД жеке құрамының 5 маманы мен 2 техника жұмыс істеді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама