Павлодар облысында полицияның мас жүргізушіні қуған сәті видеоға түсіп қалды

Скрин видео

Павлодар облысында полицияның мас жүргізушіні қуып жүріп, тоқтатқан сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Павлодар облысында полицияның мас жүргізушіні қуып жүріп, тоқтатқан сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Полиция мәліметінше, оқиға 10 қыркүйек кешкі сағат 17.45-те болған. Тәртіп сақшылары Омбы тасжолындағы Достық ауылы маңында мас жүргізушіні ұстаған.

"ВАЗ 2107" көлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен жүрді. Ол полицияның талабын орындаған жоқ. Күдікті Павлодар қаласына қарай жүруді жалғастырған. Жүргізуші Мичурин ауылының маңында ұсталды", - дейді департамент басшысы Нұрлан Мәсімов.

Реклама
Реклама

Тексеріс барысында 30 жастағы жүргізушінің мас болғаны анықталды. Ол әкесінің көлігін алып, жолға шыққан. Алайда күдіктіде жүргізуші куәлігі болмаған. Кейін ер адамда бұл құжаттың мүлдем жоқ екені белгілі болды.

"Ауыл тұрғынының үстінен "көлікті мас күйде жүргізу" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Материал сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама