28 наурыз 2022 | 08:50

Павлодар облысында ҮЕҰ-ны басқаратын 4 баланың анасы ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Павлодар облысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия төрт баланың анасын ата-ана құқығынан айыру туралы мәселені қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия төрт баланың анасын ата-ана құқығынан айыру туралы мәселені қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция Успен ауданында тұратын отбасын жасырын шағымнан кейін тексерген. Тәртіп сақшыларына әйел алкогольді тым көп ішетіні және ата-ана міндеттерін орындамайтыны туралы шағым түскен.

Полицейлер алдымен ауыл әйелімен сөйлесіп, кейін әйелдің өзін әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Бірақ кейінірек олар әйелге тағы да шағымданған.

Реклама
Реклама

"Ауыл тұрғынының үйіне келгенде, оның ішімдік ішкенін, үйде бейтаныс ер адамдар болғанын көрдік. Әйелдің 17, 16, 10 және 7 жастағы төрт баласы бар. Үйде тек үлкен баласы, қалғандары көршісінде болды", - дейді ювеналды полицияның аға инспекторы Дамира Бұқаева.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ауыл тұрғыны жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың бірін басқарады. Бұрын оның мұндай әдеті болмаған.

Полицейлер ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Материалдар сотқа жіберілді. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда ата-ана құқықтарын шектеу туралы мәселе шешіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная