Павлодар облысында ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

Мейірман Лес Корреспондент
АН-2 Фото: kerek.pv

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан бір ұшқыш қаза тауып, екіншісі ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан бір ұшқыш қаза тауып, екіншісі ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, оқиға 27 мамырда Павлодар облысындағы Железинка ауылының маңында болған. Апатқа ұшыраған әуе кемесі "Жеңіл және өте жеңіл авиация пайдаланушылары" заңды тұлғалар бірлестігіне тиесілі.

Ведомство ұшақ авиациялық-химиялық жұмыстарды орындағанын атап өтті. Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесі электр желісіне ілініп қалған.

Жарнама
Жарнама

"Бортта экипаждың екі мүшесі болған. Оқиға салдарынан бір ұшқыш қаза тапты. Екінші ұшқышты ТЖД қызметкерлері шығарып алды. Ол есін жоғалтпаған", – делінген хабарламада.

Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді зерттеу департаментінің мамандары тексеретінін мәлімдеді. Олар оқиға орнына аттанды.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен ұшқыш Павлодар қаласына жеткізіледі.

"1998 жылы туған пациент қазіргі уақытта апаттар медицинасы орталығының бортымен Железинка аудандық ауруханасынан Павлодар қаласындағы №1 аурухананың политравма бөлімшесіне жеткізіліп жатыр", – деп хабарлады басқарма.

Фото: kerek.pv

Павлодар станциясының көліктегі полиция бөлімі ұшақ апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Ан-2 – кеңестік конструктор Олег Антонов жасап шығарған көпмақсатты ұшақ. Халық арасында ол «Аннушка» немесе «Кукурузник» деген атпен де белгілі. Мұндай ұшақтар ауыл шаруашылығы, санитарлық авиация, жергілікті жолаушы және жүк тасымалы, сондай-ақ парашютшілерді даярлау сияқты түрлі бағытта қолданылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама