06 қаңтар 2023 | 14:58

Павлодар облысындағы 7 адамның өлімі: улану іс бойынша сот үкімі шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Павлодар облысында сот жеті адамның өліміне себепші болған ер адамға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында сот жеті адамның өліміне себепші болған ер адамға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адам екі жылға бас бостандығынан айырылды. Жаппай улану былтыр мамырда Ертіс ауылында болған. Сол кезде екі күннің ішінде бірден жеті адам қаза болды.

Айыпталушы тарапта - жергілікті тұрғын. Іс материалдарына сәйкес, ер адам бес танысына метил спиртін берген.

Реклама
Реклама

"Метанолды қолдану салдарынан сотталушы П.-ның кінәсінен абайсызда жеті адам қаза тапты", - деді Ертіс аудандық соты өкілдері.

Сот мәліметінше, прокурор сотталушыны екі жыл алты айға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сотталушының өзі және оның қорғаушысы бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Павлодар облысының Ертіс аудандық соты ер адамды ҚР ҚК-ның 104-бабы 2-бөлігі бойынша "Абайсызда екi немесе одан да көп адамды қазаға ұшырату" бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Еске салайық, 2022 жылдың мамырында Ертіс ауылының үш тұрғынының денесі үйлерінен табылып, тағы үш адам аудандық ауруханада көз жұмды. Кейін жетінші жәбірленуші павлодарлық ауруханада қаза болған. Қайтыс болғандардың арасында әкесі мен баласы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная