ПОДЕЛИТЬСЯ
05 ақпан 2024 | 09:18
Павлодар облысындағы автобус трагедиясы: комиссия қаупті бағалайды
"Майқайыңалтын" АҚ аумағында жер астына құлап кеткен автобусты іздестіру жұмыстары қауіпті жағдайда жүргізіліп жатыр. Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, комиссия алдағы уақытта құтқару жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін зерделейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шұңқыр түбіндегі георадарлық профильдерді сканерлеу нәтижесі бойынша, топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегені анықталды. Нысандардың жанында да, астында да қуыстар мен бос орындар бар. Опырылу және топырақтың сырғу қаупі өте жоғары", - деп түсіндірді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Шұңқыр түбіндегі экскаватор мен мамандар 4 ақпанда бұрынғы режимде жұмыс істеді. Бірақ опырылу қаупі әлі де бар.
"Қазіргі уақытта опырудың барлық периметрін зерттеу үшін комиссия құрылып жатыр, комиссия одан әрі жұмыс жүргізуге рұқсат ету-етпеуді анықтау үшін тау-кен массасын зерттейді", - деп қорытындылады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также