01 қараша 2024 | 16:47

Павлодар облысындағы изоляторда педофил бір көзінен айырылды

Midjourney

Қазақстандық тергеу изоляторына қамалғаннан кейін өз көзін ойып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық тергеу изоляторына қамалғаннан кейін өз көзін ойып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған қызын зорлады деп айыпталған 47 жастағы ер адамға сот үкімі шықты. Іс жабық режимде қаралды.

Сотта қыздың биологиялық әкесінің жыныстық зорлық-зомбылығы екі жылдан аса уақытқа, 2021 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейін созылғаны белгілі болды.

Реклама
Реклама

Сотталушы кінәсін мойындады, бірақ куәлік беруден бас тартты. Жәбірленуші әкесіне соттың қалауы бойынша жаза тағайындауды сұрады, ал оның заңды өкілі ер адамды ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды талап етті.

Сот ер адамды 120-бап, 3-бөлік, 3-2-тармақ "Кәмелетке толмаған баланы ата-анасының зорлауы" және 121-бап, 3-бөлік, 3-2-тармақ "Кәмелетке толмаған балаға қатысты ата-анасының жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша кінәлі деп тауып, 20 жылға соттады.

"А. барлық қылмысты мас күйде жасаған. Жәбірленушіге бес миллион теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу туралы талаппен толық келісті. Істеген ісіне шын жүректен өкінеді", - деп түсіндірді үкім шыққаннан кейін судья Нұрлан Айтбаев.

Сондай-ақ, тергеу изоляторында отырған кезде сотталушы көзінен айырылғаны белгілі болды.

"Сотталушының сол көзі көрмейді, тергеу изоляторында ол оң көзін шегемен ойып алып, өзін-өзі жаралады", - деді судья Нұрлан Айтбаев.

Суреттер: Tengrinews.kz

Судья психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша сотталған адам өзінің іс-әрекетінің сипаты мен қоғамға қаупін түсінетінін мәлімдеді. Сарапшылар мәжбүрлі медициналық шараларды ұсынбаған.

Сотта сотталушының денсаулық жағдайын анықтайтын және жазасын өтеуден босату немесе босатпау туралы шешім қабылдайтын арнайы медициналық комиссияға жіберу туралы мәселе қаралатыны айтылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная