Павлодар облысында 2 жасар бала көрпеде тұншығып қайтыс болды

© pexels.com

Павлодар облысында 2 жасар бала к?рпеде т?ншы?ып ?айтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Облысты? денсаулы? са?тау бас?армасыны? алдын ала м?ліметіне сілтеме жасай отырып.

Павлодар облысында 2 жасар бала көрпеде тұншығып қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Облыстық денсаулық сақтау басқармасының алдын ала мәліметіне сілтеме жасай отырып.

Оқиға Павлодар облысы Красноармейка ауылында болған. Өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бала үйде қайтыс болған.

"13 маусымда сағат 17.05-те 2016 жылғы бала жайлы хабар келіп түсті. Сағат 17.15-те оқиға орнына барған медициналық қызметкерлер баланың қайтыс болғанын айтты", - деп хабарлады Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ведомство өкілдері баланың өлімі жайлы хабардың бірден аудандық ІІБ-не хабарланғаны жайлы және оның денесінің сот-медициналық сараптамаға жіберілгенін айтты. Жедел қызметтегілердің мәліметінше, бала синтепоннан жасалған көрпеде болған, дәрігерлер келгенше көз жұмған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама