Павлодар облысында бір отбасы иіс тиіп қаза тапты

Дина Муратова Редактор
© grifoninfo.ru

Павлодар облысында жүкті әйел, оның азаматтық некедегі күйеуі және екі баласы иіс тиіп қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысында жүкті әйел, оның азаматтық некедегі күйеуі және екі баласы иіс тиіп қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті денсаулық басқармасы өкілдерінің хабарына қарағанда, бұл жайт 6 ақпанда кешкі сағат 9-да Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ аулында болған.

"1980 жылғы әйел қаза тапты, оның құрсағында жеті айлық бала болған. Ол 31 қаңтардан бері аудандық емханада тіркелген. Оның азаматтық некедегі күйеуі 1979 жылғы. Ол 5 ақпанда Осакаров ауылынан (Карағанды облысы) келген. Үйде 2004 және 2007 жылғы екі бала болған. Олар жылыту пешінен шыққан улы газ тарап, иіс тиген. Жедел жәрдем орынға келісімен төрт адамның қаза болғандығын растаған", - деді басқарманың баспасөз өкілдері.

Реклама
Реклама

Ведомство өкілдері қаза тапқан әйелдің екі баласы артында қалғанын айтты. Олар Баянауылда колледж студенттері екен. Қазіргі уақытта балалар Баянауыл әкімдік өкілдерінің қарауында.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама