Павлодар облысында газ толы автоцистерна жолдан шығып кетті

Павлодар облысында газ толы автоцистерна жолдан шығып кетті © Тengrinews.kz

Павлодар облысында газ толы автоцистерна жолдан шы?ып ?алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? ТЖД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. Ж?к к?лігі Павлодар - Новосібір ба?ытында кетіп бара жат?ан. 

Павлодар облысында газ толы автоцистерна жолдан шығып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жүк көлігі Павлодар - Новосібір бағытында кетіп бара жатқан. 

Жедел ақпарат бойынша, оқиғаның бүгін, 13 желтоқсанда шамамен таңғы тоғыздарда болғаны айтылады. Scania автоцистернасы Павлодар облысының Успенка ауылынан үш шақырым жерде жол шетіне шығып кеткен. 

Реклама
Реклама

Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметтері жіберілген: құтқарушылар, өрт сөндірушілер және арнайы техника. Көлікті қардан шығару үшін бір сағаттан аса уақыт кетті. Жолға шыққан автоцистерна ары қарай жол жүруін жалғастырды. 

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, газдың тарауы болған жоқ. Автокөлік Ресей Федерациясының азаматының иелігінде екені анықталған. Автоцистерна жол апатына ұшыраған уақытта 18 тонна пропан газы болған. Газды жіберуші ресейлік "Грант" ЖШС екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама