Павлодар облысында КамАЗ кабинасында өртеніп кеткен бала отты өзі тұтатқан болуы мүмкін

Павлодар облысында КамАЗ кабинасында ?ртеніп кеткен бала отты ?зі т?тат?ан болуы м?мкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Павлодар облысында КамАЗ кабинасында өртеніп кеткен бала отты өзі тұтатқан болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полицейлер бала қаза тапқан жүк көлігінің кабинасындағы өрттің алдын ала себебін айтты. "Алдын ала нұсқа бойынша, кабинада жалғыз қалған бала сіріңкемен ойнап, от тұтатқан болуы мүмкін, тұтанатын заты болған сияқты. Себебі аяғынан бастап күйген. Аяғының астында тұтатып, кейін өзі сөндіре алмай қалған болуы мүмкін. Есіктер құлыпталмаса да, өзі ашып шыға алмаған. Бұл кезде әкесі кузовтан мал түсіріп жатқан. Шудан ол баланың даусын ести алмаған", - деп хабарлады өңірлік полиция департаментіндегілер. 

Осы дерек бойынша соталды тергеу жалғасып жатыр. Өрттің нақты себебін полицейлер өрт-техникалық және сот-медициналық сараптамалардан кейін ғана айта алады. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін 4 жасар баланың әкесінің көз алдында КамАЗда өртеніп кеткені хабарланған болатын. Өрттің аумағы алты шаршы метр болды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама