Павлодар облысында мектеп өртенді

Павлодар облысында мектеп өртенді © ҚР ІІМ ТЖК

Павлодар облысында?ы Ертіс ауылында?ы мектепте ?рт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысындағы Ертіс ауылындағы мектепте өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 21 қыркүйекте сағат 11.30-да болды. №3 екі қабатты мектептің техперсоналға арналған бөлігінде тұрмыстық заттар өртеніп, аумағы 25 шаршы метрге жеткен. 

"230 адам эвакуцияланды, олардың арасында 217 бала бар. Өрт сағат 11.40-та ауыздықталып, 12.20-да сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ТЖК мамандары. Өртті сөндіруге жеті құтқарушы мен бір техника жұмылдырылды.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама