Павлодар облысында суықтан 2000-ға жуық мал қырылып қалды

© Рavlodarnews.kz

Павлодар облысында суықтан 2000-ға жуық мал қырылып қалды, - деп хабарлайды Рavlodarnews.kz ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Рашид Нұрбековке сілтеме жасап.

Өңірдегі бас мал дәрігері қойлар мен ешкілердің өлуіне олардың қырқылуы себеп деп отыр. "Мал күтімді талап етеді. Қырқылған малды 15-20 күн бойы алыс жерде бағуға болмайды. Қой-ешкілердің үстінде болатын салмағы шамамен бес келі жүн дененің температурасын бірқалыпта ұстап тұрады. Ал қырқылған мал суық жаңбыр мен желге төзбейді", - деді ол.

Мал дәрігерінің айтуынша, қолайсыз ауа райы Баянауыл ауданында да болған. Дегенмен ол өңірде бірде-бір мал өлмеген. "Өңірдегі мал өлімінің себебін анықтау мақсатында зертханаларға 30-дан астам сынама жіберілді. Сондай-ақ оқиға болған жерлерде мал дәрігерлері, коммуналдық қызмет мамандарынан құралған комиссиялар жұмыс істеп жатыр. Алдағы бес күнде нақты шешім шығарылады", - деді Нұрбеков. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, малдың қырылу деректері Ақсу, Екібастұз ауылдары мен Павлодар, Лебяжі аудандарында тіркелген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама