Павлодар облысында вагондар рельстен шығып кетті

© checheninfo.ru

Павлодар облысында сұйытылған газы бар цистерналар темір жолда аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2015 жылы 15 шілдеде Павлодар жол бөлімі Екібастұз-Ерейментау учаскесінің Шідерті станциясында №2113 жүк пойызының сұйытылған газға толы үш цистернасы рельстен шығып кетті. Пойыздардың қозғалысы іргелес жолдармен жүзеге асырылып жатыр", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Апаттың салдары қалпына келтіріліп жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар пойыздарының кешігуі туралы хабар түспеді. Оқиғаның себептерін анықтау үшін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-та арнайы комиссия құрылды. Оқиға салдарын жою жұмыстарына Павлодардың жол бөліміне тиесілі қалыпқа келтіру жабдықтары қолданылып жатыр.

Реклама
Реклама
 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама