Павлодар облысында жол апатынан 26 жастағы жігіт қаза тапты

Павлодар облысында жол апатынан 26 жастағы жігіт қаза тапты

13 қазанда Павлодар - Қызылорда тасжолының 79 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары"

"Лада-21911" автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі қозғалыс кезінде рөлді игере алмай, нәтижесінде көлік аударылған. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. 

Полиция мәліметінше, осы дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Жарнама
Жарнама
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама